Жаңалықтар тізбегі
0

Инфляцияға қандай тауарлардың қымбаттауы әсер етеді

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2018 20:08 www.inform.kz
Вице-министрдің айтуынша, жылдық көрсеткіште ең жоғары баға өсімі дизель отынына - 38,2, қызылшаға - 18,3, қала маңы жол жүру ақысына - 18,1, қырыққабатқа - 16,7, тас көмірге -15,2 пайызға қымбаттаған.

Инфляцияның едәуір ұлғаюына көмір, АИ-92 маркалы бензин, дизель отыны бағасының қымбаттауы әсер етті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция деңгейі 5-7 пайыз аралығы шегінде сақталуда. Ағымдағы жылғы қыркүйекте инфляция 0,4 пайызды құрады, жыл басынан бері 3,3 пайызға өсті. Жылдық инфляция 2018 жылғы қыркүйекте 2017 жылғы қыркүйекке қарағанда 6,1 пайызға артты. Жалпы тұрақты жағдайға қарамастан кейбір тауарлар бойынша бағаның едәуір өскені байқалады», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, жылдық көрсеткіште ең жоғары баға өсімі дизель отынына - 38,2, қызылшаға - 18,3, қала маңы жол жүру ақысына - 18,1, қырыққабатқа - 16,7, тас көмірге -15,2 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте, инфляцияның едәуір ұлғаюына тас көмір, Аи-92 маркалы бензин, дизель отыны ықпал еткен.

«Жалпы, азық-түлік тауарлары бойынша өсу 2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 2,3 пайыз құрады. Бұл азық-түлік емес тауарлары бойынша өсу қарқынынан төмен. Олардың бағасы 4,3 пайызға өсті. Ақылы көрсетілетін қызметтерде баға мен тарифтер қалыпты қарқынмен өсті. Өсім - 3,4 пайыз», - деді Руслан Дәленов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: