Жер сілкінісінен ес жия алмай жатқан Индонезияда жанартау атқылады
ҚазАқпарат
Аралда орналасқан жанартаулардың бірінің атқылауынан аспанға көтерілген күлдің биіктігі 4 шақырымға жеткен.
Сәрсенбі күні жер сілкінісі мен цунами салдарынан зардап шеккен Индонезияның Сулавеси аралында жанартау атқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтерінше, аралда орналасқан жанартаулардың бірінің атқылауынан аспанға көтерілген күлдің биіктігі 4 шақырымға жеткен.
28 қыркүйек күні Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында екі рет жер сілкінді. Оның біреуінде жер сілкінісінің қуаты 7,4 балға жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, дүлей апат салдарынан 1234 адам қаза тапқан, тағы жүзге жуығы із- түссіз жоғалды, жүздеген адам жарақат алған. Табиғи апат салдарынан 60 мыңнан астам жергілікті тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript