Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин оқушылар мен әскерилерді тамақтандыру туралы: Алдымен сапасы, одан кейін бағасы

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2018 17:22 ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі
Тәжірибе көрсеткендей, бірқатар ауруханаларда, мектептерде осы демпинг бағамен алынған тамақтарда ешқандай сапа жоқ.

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалағымен өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда депутаттар талқысына ұсынылды деп хабарлайды zakon.kz.

Онда депутаттар әскери қызметшілердің тамақтануын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның қолданылу аясынан шығаруға бағытталған түзету енгізген болатын.

Оның орнына мұндай көрсетілетін қызметтерді қазір мектептерде оқушылардың тамақтануын қамтамасыз ету процесінде жасалып жатқандай, ерекше тәртіппен сатып алу ұсынылды.

Осы орайда, Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин бұл ұсыныстың әскери мекемелерге лайықты екенін алға тарта келіп:

- Бірақта, бұл жерде бір үлкен мәселе бар. Ол демпинг мәселесі. Мысалы, тәжірибе көрсеткендей, бірқатар ауруханаларда, мектептерде осы демпинг бағамен алынған тамақтарда ешқандай сапа жоқ. Ертең әскери мекемелерде осындай жағдай болуы мүмкін. Сондықтан, осы мекемелерге (мектептерге, ауруханаларға, әскери орындарға) ешқашан демпинг бағаны қолдануға болмайды,-деді.

Аталған әлеуметтік нысандарды тамақпен қамтамасыз етуде алдымен сапаға, одан кейін, бағаға назар аудару керектігін баса айтқан Н. Нығматулин айтылған ұсынысты екінші оқылымға дейін тағы бір мәрте тыңғылықты қарау керектігін ескертті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: