Жаңалықтар тізбегі
0

Трансұлттық компаниялар ҚР-ның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін жаңғыртуға қатысуға мүдделі

"ТКШ ҚазОрталығы", сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2018 19:31 "ТКШ ҚазОрталығы"
Қазіргі уақытта компания инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін дамытудың әртүрлі стратегиялық бағыттары бойынша бірнеше трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізуде.

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ қабырғасында Diehl Metering неміс компаниясы басшылығымен және оның Қазақстан Республикасындағы ресми әріптесі "RMK Systems" ЖШС басшылығымен кездесу өтті. Тараптар энергияны есепке алудың заманауи зияткерлік құрылғыларын қолдану арқылы суды, газды, жылу мен электр энергиясын ұтымды пайдалану бойынша кешенді шешімдерді енгізудегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында Diehl Metering өкілдері Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін цифрландыру шеңберінде ресурстарды зияткерлік есепке алу бағытын дамыту ниетін білдірді. Сондай-ақ, неміс тарабы қазақстандық әріптестерін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ең ірі – European Utility Week 2018 іс-шарасына қатысуға шақырды, онда Diehl Metering хэдлайнердің бірі болып табылады. Осы іс-шара аясында "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ, Diehl Metering және "RMK Systems" ЖШС арасындағы үш жақты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2018 19:31

Ауқымды ынтымақтастыққа бағытталған алғашқы қадам ретінде тараптар Астана қаласында пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы уағдаласты. Жоба көп пәтерлі тұрғын үйді заманауи зияткерлік құрылғылармен нақты уақыт режимінде есепке алуды қадағалау үшін бағдарламалық өнімдерге қосылған ресурстарды тұтынуды өлшеу үшін жабдықтауды қамтиды.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығының тапсырмасы бойынша "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында инновацияларды енгізуге арналған ең үздік нұсқаларды табуға тырысуда. Қазіргі уақытта компания инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін дамытудың әртүрлі стратегиялық бағыттары бойынша бірнеше трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: