Астана мен Маңғыстауда менингококк инфекциясының шыққаны расталды ма
www.inform.kz
Ағымдағы жылы 30 маусымға дейін республика бойынша менингококк инфекциясы өршіп тұрды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясы бар деген күдікпен ауруxанаға түскен екі адамның жағдайына қатысты түсінік берді деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің ақпаратына сәйкес, ол екі адам Астана мен Маңғыстау облысының инфекциялық стационарларына түсті. Бүгінде екеуінің де жағдайы ауыр.
Бірақ алғашқы сынамалар менингококктың барын растаған жоқ.
«Мәселен, Астанада ПЦР-мен бір сынама алдық. Ол теріс нәтиже көрсетті. Қазір бактериологиялық сынама жасалып жатыр. Науқастың жағдайы ауыр. Ал Маңғыстау облысында 30 қыркүйек күні әскери бөлімшеден менигококк инфекциясы бар деген күдікпен бір сарбаз жеткізілді. ПЦР теріс нәтиже берді. Бактериологиялық талдау кезінде мұрын қуысынан стрептококк анықталды. Оның да жағдайы ауыр», - деді эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекшісі Роза Қожапова инфекциялық аурулардың алдын алу штабының отырысында.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы 30 маусымға дейін республика бойынша менингококк инфекциясы өршіп тұрды. Бертін келе, жағдай түзелді. Ал қыркүйектен бері бір ғана оқиға тіркелді.
«Ақтөбе облысында 2013 жылы туған бір бала ауырып қалды. Бүгінде ол инфекциялық станционарда ем алып жүр. Жағдайы бірқалыпты», - деп атап көрсетті Р.Қожапова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript