Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда ер адам ашынасын азаптап өлтірген

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2018 23:42 otyrar.kz
Салдарынан 40 жастағы әйел тіл тартпай кеткен.

Көңілдесін азаптап өлтірген түркістандық азамат қамауға алынды. Санкцияны Түркістанның мамандандырылған тергеу сотының судьясы шығарған деп жазады otyrar.kz.

Айта өтейік, оқиға 18 қыркүйек күні орын алған. Өз пәтерінен денесі тілімделген әйел мәйіті табылған. Күдікті ретінде 1977 жылғы Түркістан қаласының тұрғыны ұсталған болатын.

Оның үстінен ҚР ҚК — нің 99 бабы 1-ші бөлігі, «қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Анықталғанындай, екеуара ішімдік ішкен ғашықтардың арасында жанжал туған.

Шөлмекпен әйелдің басын жарып, шыны сынықтарымен мойын, арқасына бірнеше соққы жасағанын айтқан. Салдарынан 40 жастағы әйел тіл тартпай кеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: