Астанада жанкүйерлер Головкинге тік тұрып қошемет көрсетті

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 16:39 Sputniknews.kz
Головкин "Барыстың" матчынан кейін видео жариялап, қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Құрлықтық хоккей лигасының "Барыс" – ЦСКА матчын көруге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елордалық "Барыс" хоккей командасының жанкүйерлері арасында боксшының да бар екенін жүргізуші жариялаған. Содан кейін Геннадий Головкин орнынан тұрып, көрермендерге қол бұлғады. Ойынға жиналған жұрт "Гена! Гена!" деп ұрандатып, боксшыға қошемет көрсетті.

Геннадий Головкин матчты VIP-трибунадан тамашалап отырды. Оның қасында премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, "Атамекен" ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаев пен мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды.

Ойыннан кейін Головкин өзіне қошемет көрсеткен жанкүйерлердің видеосын жариялап, "Құшақ жая қарсы алғандарыңызға рахмет!" деп жазған.

Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жегінен соң 2 қазанда Қазақстанға келген еді. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. АҚШ-тан келген соң боксшы туған қаласы Қарағандыға оралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: