Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде алғашқы халал ипотека беріле бастады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 17:20 Baq.kz
Ипотеканы діни сеніміне қарамай, кез келген адам ала алады.

Қазақстанда тұңғыш рет «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ ислам ипотекасын бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ислам қаржы принциптерімен құрылған жаңа өнімді Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындары баспана алу үшін, бұрын алған ипотеканы қайта қаржыландыру үшін қазірден бастап алуына болады.

Айта кетейік, ипотеканы діни сеніміне қарамай, кез келген адам ала алады.

«Ислам ипотекасының басты құралы Мурабаха дәстүрлі пайыздық мөлшерлеменің жоқтығымен ерекшеленеді, себебі шариғатта бұған тыйым салынған. Ипотека құрылымы мынадай: банк тұрғын үй сатып алады да, оны клиентке үстеме бағамен бөліп төлеуге береді, үстеме бағаны клиент алдын ала біледі және қаржыландыру барысында ол тұрақты болады. Мұның негізі ашықтық және пайда: клиент тұрғын үйдің ақырғы бағасын нақты біледі», - делінген бактің хабарламада.

Бұл өнімнің тағы бір ерекшелігі – қолайлы төлем жасау тәсілі. Клиенттердің басым көпшілігі дәстүрлі банктің ақшалай төлемін (аннуитет) оңтайлы санайды, бірақ оны таңдаған кезде ипотеканың ақырғы құны ипотеканың мерзіміне қарай айтарлықтай ұлғайып кетеді. Al Hilal банкінің ислам ипотекасы бойынша төлем жасау схемасы қаржыландыру мерзімі барысында тең төлем жасауды қарастырады, бұл аннуитетке ұқсайды, бірақ дәстүрлі банктерге тән артық төлем болмайды.

«Қазақстандағы ислам банкингін дамытуда ислам ипотекасын іске қосу маңызды қадам. Бұл жеке тұлғаларды қаржыландыру бағдарламасының алғашқы өнімі. Клиенттер біздің өніміміздің артықшылықтарын, ерекше және тиімді шарттарын бағалайды деп үміттенеміз», - деді «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елтай Мұхамеджанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: