Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорған қаласында қазақстандық парасатты полицейлер командасын анықтауда

Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 22:51 Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өнерлі полицейлер өнер додасында кім мықтыны анықтауда аянып қалмайтынын көрсетуде.

3-5 қазан аралығында Алматы облысының орталығы Талдықорғанда «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтуде. Ішкі істер саласында мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шараға республикамыздың әр өңірінен келген командалар өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынауда,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 22:51

Алмас Садубаев, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, қазылар алқасының төрағасы: «Парасатты полицей» республикалық байқауы биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Жыл сайын еліміздің әр өңірінде өткізілетін келелі іс-шараға 21 топ қатысып отыр. Іс-шараның басты мақсаты – Елбасымыздың мемлекеттік тіл саласындағы сарабдал саясатын іске асыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, тәртіп сақшыларының қазақ тілін пайдалану деңгейін арттыру болып табылады. Бүгін өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде көрсеткен өнерлерін тамашалап, тәнті болдық, «Тілі бірдің – тілегі бір» демекші, бүгін Қазақстан халқын тіліне қарап бөлу мүмкін емес екенін көрсетті. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін».

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 22:51

Әль-Фараби Тен, байқауға қатысушы, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция лейтенанты: «Конкурсқа келген мақсатым – мемлекеттік тілді жетік меңгергенімді көрсету, қазақ еліне өз алғысымды айту. Менің ана тілім – қазақ тілі. Ата-анам, тамырым кәріс болғанымен, менің жүрегім «қазақ» деп соғады. Менің тілім – қазақ, жаным – қазақ, сондықтан Ислам дінін де қабылдадым. Тілді меңгеру тек жұмысыма ғана емес, менің өміріме көмектеседі. Тілді ешкім үйреткен жоқ. Үйде барлығымыз тек қазақ тілінде сөйлесеміз. Тек сөйлеп қана қоймай, барлық қазақи салт-дәстүрді ұстанамыз. Ағамның тойында май иіскетіп, құда түсіп, беташар жасадық. Үйленгенде мен де солай жасаймын. «Жетісу жері өте әдемі екен. Адамдары да қонақжай, ұйымдастыруы да керемет болды. Департамент басшылығына көп алғыс айтамын. Осы байқау маған өте ұнайды. Тәртіп сақшылары тек қылмыспен ғана күреспейтінін, олар да өтімді әзіл айтып, ұтымды ойларды бөлісе алатынын көрсетеді. Қатысушыларға сәттілік, өзімнің командама жеңіс тілеймін!»

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2018 22:51

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өнерлі полицейлер өнер додасында кім мықтыны анықтауда аянып қалмайтынын көрсетуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: