Ауылда бұзауды шұңқырдан шығармақ болған бірнеше жігіт қаза болды
Қайғылы оқиға Тәжікстанның Жәми ауданына қарасты Навобод ауылында болды. Үш ауыл тұрғыны шұңқырға түсіп кеткен бұзауды шығарамын деп қаза тапқан деп жазады sputniknews.kz.
Бұзау ауладағы әжетхананың шұңқырына түсіп кеткен. Үй қожайынына көмектесуге көрші үш жігіт келген, бірақ бұзауды құтқармақшы болған олар шұңқырдағы газдан уланып қалды.
Ауруханадан енді ғана шыққан Махмадсаид Самадов 28 жастағы ұлының қазасын ауыр күрсініп еске алды. Марқұмның артында екі баласы қалды.
"Кеш уақыты еді. Көрші үйден көмек сұраған дауыс естілді. Ұлым бірінші барды. Бірнеше адам жиналып, әжетханаға түсіп кеткен бұзауды құтқаруға тырысты, бірақ өздері соған түсіп өлді. Әуелі көрші баласы Сухроб түсіп кетті, менің ұлым оны құтқарамын деп артынан кетті. Мен де көмектеспекші болдым, бірақ есімнен танып қалып, ауруханада бір-ақ көзімді аштым. Үш адам қаза тапты", — деді ол.
60 жастағы Сафаргул Хафизованың екі ұлы да — 24 жастағы Сухроб және 17 жастағы Мұхаммаджон сол оқиғадан қаза болды. Марқұмдардың әкесі Хусейн Исмоилов екі ұлын құтқарып қала алмағаны үшін өзін кешірмейтінін айтты.
Дәрігерлер үш адамның улы газдан өлгенін анықтады. Шұңқырға құлап кеткен төрт адамның біреуі ғана аман қалған.