Жаңалықтар тізбегі
0

Біртанов: Медициналық қызмет сапасы алдымен стандартқа сай болу керек

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 21:09 Baq.kz
Жедел-жағдайда арнайы құрал-жабдықтар мен мамандардың дайындығы басты рөл атқарады.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысындағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлайды Baq.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іссапар барысында Махамбет ауданының орталық ауруханысына және емханасына барып, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде, Атырау облыстық ауруханасында және облыстық онкологиялық диспансерде болды. Медициналық нысандармен танысу барысында облыста жетіспейтін дәрігер мамандарды іздестіруді, ауруханаларды керекті заманауи құрылғылармен жабдықтауды тапсырды.

«Келгендегі мақсатымыз-алдымен, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының жағдайын көзбен көріп, танысу. Екіншіден, дәрігерлерге, халыққа арналған Үкімет тарапынан құрылып жатырған жоспарларды жүзеге асыру. Барлық өңірде медициналық қызмет сапасы алдымен стандартқа сай болу керек. Жедел-жағдайда арнайы құрал-жабдықтар мен мамандардың дайындығы басты рөл атқарады. Облыстық, жергілікті әкімшіліктер, құзіретті органдар өңірдегі медициналық нысандардағы барлық талаптарды стандарттауға уәде берді. Жұмыс нәтижелі болады деп сенемін», - дейді министр.

Айта кету керек, 4-5 қазан аралығында Атырау облысында «Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру» атты өңіраралық конференциясы өтуде. Шара аясында өңірлердің көрмесі: инфрақұрылым, оның ішінде МЖӘ жобалары, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру (Startup), медициналық көмекті ұйымдастыру (Триаж жүйесі), медициналық білім беруді жаңғырту тақырыптары талқылануда.

Аталмыш конференция Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласына жаңа бағыттар енгізуге және заманауи денсаулық сақтауды дамытуға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: