Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда теміржол билеттерін заңсыз сату жағдайы анықталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 23:46 ҚазАқпарат
Осыған ұқсас фактілер елдің басқа аймақтарында да болған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінде теміржол тасымалдары саласындағы жемқорлықпен күрес жүргізетін жобалық топ құрылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Шілде айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы қызметіне мониторинг жүргізу кезінде жолаушылар тасымалының павлодарлық бөлімшесінде «құпия сатып алушы» әдісі арқылы жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталған. Арнайы мониторинг жүргізу тобының мүшелері, қоғам өкілдері Павлодар-Алматы бағытындағы жол жүру билеттерінің заңсыз сатылғанын анықтады. Билеттің құны 12 500 теңгені құраған, бірақ кассада артық билет болған жоқ. «ҚТЖ» АҚ қызметкерлері құпия сатып алушыға билетсіз жол жүріп, ол үшін 20 мың теңге сұрады», - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінен.

Осыған ұқсас фактілер елдің басқа аймақтарында да болған, деп қосып өтті ведомство. Мониторинг қорытындылары бойынша, бірқатар қызметкерлер жауапқа тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: