Жаңалықтар тізбегі
0

"Атырау аруының" еміне жиналған ақшаны белгісіз біреулер ұрлап кетті

abctv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2018 22:31 abctv.kz
Белгісіз біреулер оның картасы арқылы онлайн сауда жасаған, келесі күні 100 мың теңгені шешіп алмақ болған.

2015 жылы Атырау аруы атанған 20 жастағы Гаухар Қасаева инстаграм парақшасында белгісіз біреулер еміне жиналған ақшаны есепшотынан шешіп алғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қатерлі ісікке шалдыққан "Атырау аруы" еміне ақша жинау үшін қазақстандықтардан көмек сұраған болатын.

"О баста жиналған ақша туралы күн сайын есеп беріп тұрамын деп ойлаған едім. Бірінші күні қол ұшын созғандар өте көп болды. Барлығына ризашылығым шексіз! Келесі күні менің есепшотымнан онлайн сауда жасалды. Екі рет. Мен бірден онлайн саудаға қолжетімділікті жауып тастадым. Бірнеше сағаттан кейін дәл сол күні тағы 100 000 теңгеге сауда жасамақшы болды", - деп жазды Гаухар Қасаева инстаграмдағы парақшасында.

Осыдан кейін ол жиналған ақшаның сомасын жария етпеуді жөн көрген. Қажетті қаражат жиналғанда, бірден шетелге ем алуға бармақшы.

Бұған дейін хабарланғандай, "Атырау аруына" дәрігерлер "саркома" диагнозын қойған. Қызға Қазақстанда екі ота жасалғанымен, еш нәтиже бермеген. Қазір Оңтүстік Кореяда емделу үшін ақша жиналып жатыр. Оған 30 мың доллар қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: