Жаңалықтар тізбегі
0

Мектепте ақша жинау фактілерінде директор жазаға тартылады

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2018 23:48 www.inform.kz
Жатақханаларға заңсыз орналастыру фактілер анықталып, заңсыз тұрып жатқандар жатақханадағы орындарын босатты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Жазира Жылқышиева елордада жазаланған мектеп директорлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің мемлекет процестерді толық цифрландыру жолында. Бұл шаралар әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал етеді. Дегенмен, бүгінгі күні барлық рәсімдер цифрланбаған. Нәтижесінде, лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланатын сәттері кездеседі. Шамадан тыс құжаттар мен регламенттелмеген ақпарат талап етіледі. Оқу жылының қарсаңында біз Халыққа қызмет көрсету орталығының ұсынатын қызметіне талдау жүргіздік. Мектептердің қажетсіз құжаттарды талап етуінің салдарынан ХҚКО-да кезекте тұрған ата-аналардың саны жетіп артылды. Тиісті ақпарат Білім басқармасына жіберілді. 5 мектеп директорына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. 10 директорға қатаң ескерту жасалды», - деді Жылқышиева Астанада өткен брифингте.

Бұдан бөлек, жатақханаларға заңсыз орналастыру фактілер анықталып, заңсыз тұрып жатқандар жатақханадағы орындарын босатты.

«Бұл фактілер білім беру мекемелерінің әкімшіліктері белгілі бір заңнамаларды сақтамайтындығын көрсетеді. Мемлекет бүгінде білім беру мекемелері үшін жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Қаражат барлық қажеттіліктерге бөлінеді. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңда білім беру мекемелерінің бюджет қаражатын интернет-ресурстарда және басқа да қолжетімді сайттарда жариялау қажеттілігі жөнінде міндеттемелері нақты анықтайды. Ашықтық пен есепберушілік - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздерінің бірі. Азаматтар бюджет қаражатының қайда жұмсалатыны туралы білуі қажет. Білім беру мекемелерінің онлайн-ресурстарын талдай отырып, аталған талаптардың сақталмайтыны туралы қорытынды жасадық», - деді департамент басшысы.

Оның атап өтуінше, барлық ұйымдастырушылық және шаруашылық процестер бірінші басшының үнемі қадағалауында болу керек. Осы уақытқа дейін белгілі бір процедураларды бұзғаны үшін орындаушылар немесе орынбасарлары ғана жауапкершілікке тартылу тәжірибесі болды. Бұл тәжірибені жою қажет.

«27 тамызда Агенттік төрағасы, елорда әкімі және Білім және ғылым министрінің кездесуінде білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары жеке жауапкершілік пилоттық құжатына қол қойды. Енді ақша жинау, заңды бұзу, қызметтің ашықтығын сақтамау фактілері анықталған жағдайда, директорларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Бірінші басшылар кең өкілеттіктермен ғана емес, сондай-ақ жоғары жауапкершілікпен ерекшеленуі керек», - деді Жазира Жылқышиева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: