Жаңалықтар тізбегі
0

Біз ЕҚЫҰ-ның осы ғасырдағы жалғыз саммитін өткізіп, маңызды декларация қабылдадық - Назарбаев

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2018 22:23 Ақорда
Т.Гремингер Қазақстан Президентінің өңірлік қақтығыстарды реттеу және бейбітшілікті нығайту ісіндегі рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы жүздесуінің ерекше маңызын атап өтіп, съезд жұмысына қатысқаны үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысына ризашылық білдірді.

– 2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткенін білесіз. Біз бұл ұйымның осы ғасырдағы жалғыз саммитін өткіздік. Оның нәтижесі бойынша маңызды декларация қабылданды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы ықпалдастық пен кооперацияны одан әрі дамытудың маңызды екенін айтты.

Т.Гремингер Қазақстан Президентінің өңірлік қақтығыстарды реттеу және бейбітшілікті нығайту ісіндегі рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: