Ғалымдар қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын анықтады

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2018 17:31 Sputniknews.kz
Зерттеушілер ең кем дегенде қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын да есептеді.

АҚШ зерттеушілері максималды көрсеткішті емес, орташа есепті анықтауға тырысса да, адам сенгісіз нәтижеге қол жеткізді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Йорк Университетінің ғалымдары адамның жадында қанша тұлғаның түр-келбеті сақталады деген сұраққа жауап іздеп, зерттеу жүргізді. Олар анықтаған цифрлар таңғаларлық – орташа есеппен адам бес мың кісінің түрін есте сақтай алады екен.

Ғалымдар қатысушыларды жинап, түр-келбетін жақсы білетін адамдардың тізімін жасауға тапсырма берді. Бастапқыда олар достарын, жақындарын, әріптестері мен бұрынғы сыныптастарын санап шығуы тиіс еді. Бұл тапсырмаға бір сағат беріліпті.

Ең төменгі нәтиже – 1000 адам. Ең жоғарғы көрсеткіш – 10 000. Ғалымдардың айтуынша, 10 000-ның өзі шектік мән емес, адамның есте сақтау қабілетіне байланысты одан да асып түсуі ықтимал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: