Сары Əулие өзiнiң туған қызының қыздығын тексерген
Stan.kz
Марат қажы бұл оқиғаны растады.
Ел арасында Сары әулие атанып кеткен Марат қажы Есенбаев өзінің туған қызының пәктігін тексерген. Ол тікелей эфирде өз перзентінің жезөкшелікпен айналысқанын жайып салды, деп хабарлайды Stan.kz.
Марат қажының қызы тележүргізуші Мақпал Қаратайқызына жазған хатында болған жайтты былай деп баяндаған:
“9-сыныпта оқып жүріп біз Алматыға көштік. Бір күні ол маған шалбар киюге тыйым салды, мектепке тек қана ұзын етекті белдемше киіп баруға рұқсат берді. Баламыз ғой, қатты мән бермедім. Бір күні ол менің қолымды ыстық үтікпен күйдірді. Менде үшінші деңгейлі күйік болды. Сонымен қатар, 9-сыныпта оқып жүрген кезде әкем қасындағы әйелдермен бірге менің пәктігімді тексермекші болды. Ол менің белімнен ұстап тұрды, ал медицинадан хабары жоқ екі әйел екі аяқты екі жаққа асып, бірнәрсе тексергендей болды”.
Марат қажы бұл оқиғаны растады. Айтуынша, қызы Бақытгүл өзінің жезөкше екенін мойындап, ел алдына шығып кешірім сұраған. Бүгінде Сары әулие қызымен араласпайды. Сырттай Аллаға тапсырып қойдым, дейді.
“Өзім ауруларын емдедім, лас ауруларды емдететін жерге де Бақытгүлді апарып тастадым. Ол кезде мектеп қабырғасында оқитын, 10-сынып. Сырттай жақсы көремін, сырттай Аллаға аманаттаймын. Бірақ менің көзқарасым таза ислами. Егер арабстанда болсақ, осындай сұхбат болмас еді. Оны сіз де таспен ұрып өлтірер едіңіз, барлық әке-шеше солай таспен ұрып өлтіреді. Біз зайырлы мемлекеттеміз, мен ондайды істемеймін. Тек қана Алла Тағаланың алдына барған уақытта, қиямет қайым күні менен әке ретінде сұраған уақытта, мен адал тәрбие бердім, бірақ ала алмады деп айтамын”, – деп мәлімдеді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript