Жаңалықтар тізбегі
0

Головкиннің салмағындағы чемпиондық белбеу бос қалды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2018 15:37 Sputniknews.kz
Сондерс допингпен ұсталуына байланысты WBO чемпионы титулын қайтарып беруге мәжбүр болды.

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Пако Валькарсель орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерске (26-0, 12 КО) қатысты қабылданған шешімді жария етті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Британиялық боксшының қанынан допинг (оксилофрин) табылып, оның Бостондағы (АҚШ, Массачусетс штаты) америкалық Деметриус Андрадемен (25-0, 16 КО) жекпе-жегі тоқтатылды – штат комиссиясы Сондесрке бокс лицензиясын беруден бас тартты.

"Билли Джо Сондерс орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын өз еркімен босатып, Массачусетс штаты комиссиясының допингке қарсы ережесін бұзғаны үшін жұрт алдында кешірім сұрады. Осылайша, 20 қазанда Деметриус Андраде мен Уолтер Каутондоква бос қалған "тәж" үшін айқасады. Сондай-ақ мен WBO атқарушы комитетіне Сондерсті заң бұзғаны үшін алты айға бокстан шеттетуге кеңес беремін", — деп жазды Валькарсель твиттердегі парақшасында.

Көптеген шетелдік БАҚ Сондерс орта салмақтағы едәуір атақты боксшылар – қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) жұдырықтасатын жалғыз мүмкіндігінен айырылғанын жазып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: