"Майкл" дауылы АҚШ-тың астаң-кестеңін шығарды
Sputniknews.kz
Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығыс жағалауында "Майкл" дауылы тұрып, орасан шығын келтірді. Жойқын табиғи құбылыстың зардаптарын видеодан көріңіз.
Жылдамдығы 120 км /сағ дейін жеткен дауыл нөсер жауын ала келіп, су тасқыны болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Майкл" дауылы салдарынан екі адам көз жұмды, жағалаудағы 400 мыңға жуық тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Апат Флоридадағы АҚШ Әуе күштерінің "Тиндаль" базасын жарықсыз қалдырып, елеулі зақым келтірді. Көптеген ғимарат толығымен бұзылған немесе бүлінген.
Дауылдың шығыны миллиард долларға жетті. Қазіргі уақытта оның күші әлсіреп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript