"Қайрат" командасының бас бапкері қызметінен босатылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2018 21:46 Baq.kz
Феррермен келісімшарт жойылды.

Алматылық “Қайрат” командасы бас жаттықтырушы Карлос Феррермен “қош” айтысты. Бұл жайында “Қайрат” ФК-ның бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев баспасөз мәжілісінде айтты, деп жазды BAQ.KZ.

“Бүгін Феррермен келісімшарт жойылды. Ол алға қойған міндеттерді ақтай алмады. Өте жақсы маман, дегенмен оған тәжірибе жетіспеген секілді. Сондай-ақ тілдік кедергі де өз салдарын тигізді. Өз кезегінде ол ренжіді, бірақ жұмыстан босатылуын сабырлы қабылдады. Біз соңғы жылдары жастарды көтермелеумен айналыстық. “Қайраттың” жаңа даму векторын ұстанғанына еш өкінбейміз”, - деді Боранбаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: