Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министріне бірқатар тапсырма жүктеді

www.akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2018 22:12 www.akorda.kz
Мәдениет және спорт министрінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта «Кинематография туралы» заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр.

Кездесу барысында министрлік қызметінің маңызды бағыттары, соның ішінде кинематографияға қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру және туризм мен спорт салаларын дамыту шаралары талқыланды. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта «Кинематография туралы» заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы ұлттық киноны қалыптастыру ісін қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыруға, Қазақстанның фильмдерін, сондай-ақ шетелдің жетекші компанияларымен бірлесіп түсірген кино өнімдерін халықаралық нарыққа кең көлемде шығаруға бағытталған.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлы Мемлекет басшысына 2023 жылға дейінгі туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың әзірлену барысы және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс салтын арттыру» атты жолдаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға қатысты тапсырманың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: