Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Көмір қоры жеткілікті, баға тұрақты

Пресс-служба акима Туркестанской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2018 01:58 Пресс-служба акима Туркестанской области
Облыстын солтустик және таулы аймақтарында атап айтқанда, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарында 15 қазаннан бастап жылу беріліп отыр.

Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелерге қажетті 169,1 мың тонна көмір бүгінгі таңда толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге қажетті көмір көлемі – 106,6 мың тонна. Ал облыстағы темір жол станциясы қоймаларындағы 1 тонна көмірдің бағасы бойынша "Шұбаркөл" көмірі – 14-15 мың теңге, "Ботақара" көмірі – 10-11 мың теңге көлемінде. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.

Оның айтуынша, облыстағы 2830 бюджеттік мекеменің барлығы, яғни 100 пайызы қысқы маусымға дайын. Оның ішінде білім саласында – 1289, денсаулық сақтау саласында – 788, әлеуметтік салада – 753 мекеме.

"Облыс бойынша жеке тұрғындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі көмір отынына деген жалпы қажеттілігі – 902 мың тонна, бүгінгі күнге темір жол станцияларындағы қоймаларға тасымалданғаны – 689,1 мың тонна. Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің саны – 544, олар жылу беру маусымына толық дайын. Дербес қазандықтардың (котельная) саны - 10, барлығы қысқы маусымға даяр. Облыстың жылу беру дайындығына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде", - деді Марғұлан Зұлхарнайұлы.

Бұдан бөлек, мазут отынына деген облыс бойынша қажеттілік көлемі 10 мың тонна болса, Энергетика министрлігімен тасымалдау кестесі бекітіліп, келісім-шарт жасалған.

Айта кетерлігі, облыстың солтүстік және таулы аймақтарында атап айтқанда, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарында 15 қазаннан бастап жылу беріліп отыр.

Түркістан облысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің коммуналдық қызметтері үшін 2018 жылдың 1 қазандағы берешегі – 499,2 млн. теңгені құраған. Берешектің негізгі бөлігі жеке тұрғындар пайдаланған табиғи газға қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2018 01:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: