Жаңалықтар тізбегі
0

Бөрлі ауданында ұстаздардың төл мерекесі көлемді деңгейде аталып өтті

«Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінен, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 17:37 «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінен
Шәкірт санасына білім нәрін беріп, өрендерді тәрбиелеп шығаратын ұстаздардың еңбегі ерен.

Бөрлі ауданында ұстаздардын төл мерекесі көлемді деңгейде, салтанатты түрде аталып өтті.

Шәкірт санасына білім нәрін беріп, өрендерді тәрбиелеп шығаратын ұстаздардың еңбегі ерен. Атаулы мерекеде еңбектері еленіп БҚО Білім басқармасының Құрмет грамотасымен Ақсай қаласы №4 бөбекжайының тәрбиешісі А.Муканаева, №3 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі А.Горемыкина, Приурал МБК тарих пәнінің мұғалімі Г.Қанатбаева, БӨМ хорегорафия пәнінің оқытушысы Ш.Қойшыбаева, №5 бөбекжайының тәрбиелеушісі Ж.Қойшыбаева, Жарсуат ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі И.Приступа, №7 ЖОББМ физика пәні мұғалімі С.Дускарова, Григорьев ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Н.Иваненкова, ал облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен №1 МБК кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Балмағанбетова, №6 ЖОББМ кәсіподақ төрайымы Р.Бекмуханбетова есімді ұстаздар марапатталды.

Мерекенің тойлану аясын кеңейтіп, талантты ұстаздарды анықтап ынталандыру, шеберліктері шыңдау мақсатында «Ең үздік ұстазға дауыс бер» жобасының онлайын байқауы жарияланған болатын. Аталмыш сайысқа ауданымыздың 42 білім ошағынан 70 педагог қатысты. Кеш барысында сайыс қорытындыланып, әр аталым бойынша үздік 15 ұстаз анықталды. Атап кетер болсақ «Үздік мектеп басшысы» аталымында Ақсай қаласының №2 ЖОББМ-ң директоры А.Қадырғалиева озық болса, «Үздік мектеп басшысының орынбасары» номинациясын аталмыш мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары М.Абуова иеленді. №2 ЖОББМ үздіктердің қатарында екенін дәлелдеп «Үздік тарих пәні мұғалімі» аталымын А.Төлепова, «Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» аталымын Қ.Кенжетаевна, «Үздік математика пәні мұғалімі» аталымын А.Мұқанова, «Үздік жаратылыстану пәндері мұғалімі» аталымын Г.Мақсутова, «Үздік дене шынықтыру және АӘД пәндерінің мұғалімі» атылымын Н.Ибрашев, жеңіп алды.

«Үздік мектепке дейінгі ұйым» аталымын №3 балабақшаның директоры Г.Амирова, «Үздік мектеп кітапханашы» аталымын №7 ЖОББМ кітапханашысы Н.Каймулдинова, «Үздік қосымша білім беру педагогі» номинациясын жас туристер станциясының педагогі А.Сабитов, «Үздік көркемөнер пәндерінің ұстазы» аталымын №2 балабақшаның ұстазы И.Мироновалар қанжығаларына байласа, «Үздік бөбекжай педагогі» аталымын Приурал МБК-ң ұстазы А.Ерғалиева, «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» аталымын №6 ЖОББМ мұғалімі К.Акашева, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» №5 ЖОББМ ұстазы З.Ерекешова, «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі» аталымын №3 ЖОББМ педагогі Д.Мауленова есімді ұстаздар иеленіп жоғары дәрежеден көріне білді.

— Бұл шара ауданымызда алғашқы рет өткізіліп отыр. Басты мақсатымыз ұстаздардың дәрежесін арттырып, үздіктерді, өз мамандықтарының озықтарын басқаларға үлгі ету болды. Мұндай ауқымды шаралар әлі де өз жалғасын табады деп сенемін,- деді аудандық білім бөлімінің басшысы Орынбасар Төлегенұлы.

Мейрамбек Сыдықов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: