"Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар 2.0" бағдарламасы басталды
"Бәйтерек" холдингі "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар 2.0" бағдарламасының басталғаны туралы жариялады. Бағдарлама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "100 нақты қадам" ұлт жоспарының 62-ші қадамына сәйкес жүзеге асырылады.
Халықаралық озық тәжірибелер есепке алынып әзірленген бағдарламаның мақсаты бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған және технологиялық өңдеуші өнеркәсіптерді құруға көмектесу болып табылады.
Көмек холдингтің еншілес ұйымдарының қолдау көрсету үшін қаржылық және қаржылық емес шаралар кешенін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады: Kazakhstan Project Preparation Fund тарапынан ТЭН әзірлеуден бастап Қазақстанның Даму Банкі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорынан жеңілдікпен қаржыландырудың және пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, сондай-ақ Kazyna Capital Management үлестік қаржыландыруының құралдарын пайдалану мен KazakhExport компаниясының қолдау шараларын қолдануға дейін.
Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері өндірісті жаңғыртуға немесе технологиялық өнімдерді өндіруге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға; идея кезеңінде жобалар үшін де, сондай-ақ жобалық құжаттаманың толық пакетінің болуымен де қолдау шараларын ұсынуға; бағдарлама бойы қатысушыларды қолдайтын компанияға дербес менеджерді бекіту арқылы жан-жақты жеке қолдау көрсетуге негізделу болып табылады.
Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпорындар бірқатар критерийлерге жауап беруі тиіс, оның ішінде: өңдеу өнеркәсібіне өтінім беру, штатта 100-ден астам адамның болуы және 300 000 АЕК-тің жылдық кірісінің, экспортқа бағдарланған бағытының болуы, Қазақстанның капиталға 51% және одан көп қатысу, нарықта кемінде үш жыл болу.
Бағдарламаның мерзімі бес жыл, оның ішінде үш жыл - жүзеге асыру, екі жыл - мониторинг. Өтініштерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.
Бағдарламаның шарттары мен толық мәтінін, сондай-ақ тапсырыстың шаблонын "Бәйтерек" холдингінің ресми сайтында сілтемесі бойынша табуға болады.
Қатысу және қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша кәсіпкерлер бағдарламаның байланыс орталығына +7 (7172) 91-91-98 телефоны бойынша хабарласа алады.