Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы дағдарысты шешуге шақырды

egemen.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2018 18:22 egemen.kz
Басқа елдер делегациялары Сириядағы дағдарысты шешу жөніндегі арнайы өкілі С. де Мистураның күш-жігеріне өздерінің оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысушылар Сирияда бейбітшілікке қол жеткізу үшін Астана процесінің шеңберіндегі келіссөздерді жалғастыру және Женевада күш-жігерді қолдау қажеттілігін атап өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Отырыс барысында қазақстандық делегация Сириядағы дағдарысты саяси тұрғыдан, соның ішінде сириялық конституциялық комитетін құру арқылы шешуге шақырды.

«Сириялықтар өздері ғана халықаралық қауымдастықтың қолдауымен сирия елінің болашақ саяси жүйесін құруын бастау керек», - деп Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Қанат Тұмыш атап өтті.

Қазақстан барлық қызығушылық танытқан тараптарды 17 қыркүйекте Астана процесінің кепіл мемлекеттері Ресей мен Иран қол қойлған Сирия Идлибтегі деэскалация аймағында жағдайды тұрақтандыру туралы Меморандумды жүзеге асыруда ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ елдің барлық жерлеріне ең қысқа бағытымен қауіпсіз және кедергісіз гуманитарлық қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды.

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қараша айының соңында өз қызметінен кетуге ниетті екенін жариялаған БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стафан де Мистураның Сириядағы дағдарысты шешу бойынша жұмысына жоғары баға және ризашылық білдірілді.

С. де Мистура өз мандатының аяқталуына дейін жаңа конституция жобасын әзірлеу үшін сириялық комитетін құру жөніндегі қарқынды шараларды қабылдайтынына және қазан айының соңына қарай Астана процесінің кепіл мемлекеттердің өкілдерін Женеваға Сирия бойынша кездесуге шақырады деп сендірді.

Басқа елдер делегациялары Сириядағы дағдарысты шешу жөніндегі арнайы өкілі С. де Мистураның күш-жігеріне өздерінің оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.

Жалпы, Сириядағы соғысты тоқтату үшін оны шешудің инновациялық өңірлік парадигмасын және Женева мен Астана процестерін қолдағаны маңызды деп айтылды. Астанада Сириядағы жағдайды реттеу үшін тоғыз раундтан тұратын келіссөздер өтті.

Қазақстан елордасында өткен кездесулердің басты нәтижесі елдегі зорлық-зомбылық деңгейін едәуір төмендететін деэскалация аймақтарын құру болды.

Дереккөзі: Егемен Қазақстан газеті

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: