Жаңалықтар тізбегі
0

Аягөздің маңайынан «Мықтың үйі» табылды

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2018 16:50 altaynews.kz
Бозай ауылында тұратын ұстаз Әділбек Баймоллаев «мықтың үйі» кеңінен зерттелсе деген тілек айтады.

Мыңжылдықтар тасасынан үн қататын аласа төбешіктер мен еңселі обаларды зерттеген ғалымдар мен археологтар қиыршық тастармен көмілген мұндай «үйлердің» астынан тек мүрделердің ғана шығатынын алға тартады. Белгілі этнограф, шежіреші, тарихшы марқұм Жағда Бабалық атамыз өзінің бір жазбаларында 1973 жылы Мәскеудегi орталық кiтапханада Мәшһүр Жүсiп Көпеевтiң араб қарпiмен жазған өз қолжазбасын тауып алғандығын, онда «Арқада мық деген халық болған» деген сөздi оқығанда қатты толқығандығын келтіреді деп жазады Алтайньюс.

«…Бiрден көшiрiп алдым да, Әлкей Марғұланға алып келдiм. Мән-жайды түсiндiрдiм. Ол кiсi ойланып отырды да: «Иә, мықтың үйi дегендi бiлемiн, бiрқаншасын қазып та көрдiм, астында адамның сүйегi жатады екен, мола екен», — дедi. Сондай ақ, Әлкей Марғұлан «Мықтың үйі» аталып кеткен қорымдарға ұқсас зираттар Енисей өзенінен бастап Дунайға дейінгі аралықта көп екендігін айтады.

Аягөз-Баршатас тас жолының он бесінші шақырымындағы үйіндіні қасынан қаншама рет өтіп жүрсек те байқамағанымызға таңғалдық.

Биіктігі 3,20 метр, табанының диаметрі 35 метр болса, төбесінің диаметрі 11 метрге жуық. «Үйдің» төбесі ішіне қарай түсіп кеткендіктен, сопақша ойық болып шұңқырланыпты. Жерлес жазушымыз, марқұм Таласбек Әсемқұлов ағамыз “Бастырма” атты мақаласында осындай зираттардың жаугершілік заманынан қалғандығын тілге тиек етеді: «Қазақ соғыста өлген азаматтарды қолдан келгенше жерлеп кетуге тырысады. Көнекөз қариялардан естiгенiмiз. Адамдардың мәйiтiн, мысалы, бiрнеше мың мәйiттi әуелi бiр-бiрiне сүйеп отырғызады.

Содан кейiн екiншi қабат тағы бiрнеше мың адам алдыңғылардың үстiне отырғызылады. Содан кейiн тағы бiрнеше мың. Тiрi қалғандар шәйiт болғандардың аруағына дұға оқып, қайғыра жүрiп, даланың төсiнде осындай бiрнеше, кейде он-жиырма, кейде отыз-қырық сұмдық төбелер тұрғызады. Бұл жерде бiз әскер жүз мыңдап қырылатын ұлы соғыстарды айтып отырмыз. Ал кейде адам шығыны аз болып, өлген жауынгерлердi елге алып қайтудың мүмкiндiгi болса, алып қайтады.

Елге келгеннен кейiн арулап көмедi. Далада қалған, шала-шарпы көмiлген сүйек уақыт өте шаң, топырақ үйiрiлiп, ақырындап төбеге айналады». Бозай ауылында тұратын ұстаз Әділбек Баймоллаев «мықтың үйі» кеңінен зерттелсе деген тілек айтады.

Ғұндар мен сақтардан бұрынғы ежелгі дәуірлерде өмір сүрген «мықтардың» бүгінгі ұрпаққа қалдырған «мұрасы» бабаларымыздың нақты өмір сүргендігінің айғағы деуге болатындай. Ғұндар мен сақтардан ары асып, «мықтың еліне» сапар шеккен археолог ғалымдарымыздың зерттеулері мен ой-тұжырымдары қазақ мемлекеттілігінің тарихы үшін өте маңызды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: