Танымал актер байлығын қайырымдылыққа таратып беретінін мәлімдеді

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2018 23:35 stan.kz
Ол 17 жылдан астам уақыт бойы бір телефон ғана ұстап, оны тек бұзылғаннан кейін жаңасына ауыстырған.

Танымал қытайлық актер Чоу Юнь-Фат байлығын қайырымдылыққа таратып беруге уәде берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қалтарыстағы жолбарыс, тасадағы аждаһа» және «Керемет әзірленген» фильмері арқылы танылған танымал қытайлық актер Чоу Юнь-Фат байлығын қайырымдылыққа беруге уәде берді.

«Мен қарапайым бақытты адам болуды армандаймын. Өмірдегі ең қиын нәрсе сенің қанша табыс табатыныңда емес, тыныш, таза ақыл-ойыңды сақтап, қарапайым және уайымсыз өмір сүруіңде», – деді актер Чоу Юнь-Фат тілшілерге берген сұхбатында .

Юнь-Фат айына 100 доллардан көп ақша жұмсамайтынын айтты. Ол 17 жылдан астам уақыт бойы бір телефон ғана ұстап, оны тек бұзылғаннан кейін жаңасына ауыстырған. Сондай-ақ, ол заттарды көбінесе арзандатылған дүкендерден сатып алатын көрінеді.

«Мен киімді біреулер үшін кимеймін. Маған сол киімде ыңғайлы болса, соның өзі жеткілікті»,-дейді танымал актер.

Айта кетейік, Юнь-Фаттың байлығы шамамен 714 миллион долларды құрайды. Бүгінде байлығын қайырымдылыққа таратып беретінін мәлімдеген актер бұрын да қайырымдылықпен айналысатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: