Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда шыны зауыты – заманауи технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2018 00:26 Zakon.kz
Әзірге мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда бар.

Қызылорда облысында өндірісте жаңа технологияларды қолданатын және де өнімі экспортқа бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі хабарлайды.

Облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауыты заманауи технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт болмақ. Әзірге мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда бар. Сондықтан бұл зауытты аталған өндіріс саласында әлеуеті жоғары Финляндия, АҚШ, Бельгия және Италияның компаниялары жабдықтайды.

Соңғы үш жылда жұмысы қайта жанданған "Шалқия" кенішін игеруде де тиімділігі жоғары жаңа технология пайдаланылады. Кәсіпорында руда тік конвейерлі инновациялық әдіспен өндіріледі. Әлемнің жетекші елдерінің мырыш-қорғасын өндіретін энергоүнемді жаңа технологияларын қолдану арқылы межеленген экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл жерде игерілетін руда терең өңделеді және қажетті металдың үлесі де айтарлықтай артады.

Сонымен қатар, өндіріс барысында неміс технологиясын қолданатын үй құрылысы комбинаты іске қосылды. Вейлер неміс компаниясының құрал-жабдығымен жабдықталған, "РМЗ-Шапағат" ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты бүгінгі заман сұранысына сай бірегей жоба десек болады.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында "Арал Тұз" ас және техникалық тұз өндіретін екі испан цехын іске қосты. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға, 1200-ден астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуға береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: