Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысы баламалы энергия жобаларына қызығушылық танытуда

lamentable.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2018 20:20 lamentable.org
Жобаларды жүзеге асыруға қажетті жер телімдері бөлініп, қаржыландыру көздері анықталды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау осы жылғы желтоқсан айына көзделіп, 2019 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Мамандардың зерттеуінше, облыста жылына 300-ден аса ашық, бұлтсыз күн болады. Аймақ географиялық жағынан да желді белдеуде орналасқан деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС-ның қуаттылығы 12 МВт-тық электр кешені жұмыс жасауда. Кешеннің ерекшелігі күкірт қышқылын өндіру барысында пайда болатын будан электр энергиясын шығарады.

Сонымен бірге зауытта сағатына 420 кВт электр энергиясын өндіретін күн электр станциясы салынған. Күн сәулесінен алынған энергия вахталық қалашық пен кәсіпорынның әкімшілік-тұрмыстық кешеніне беріледі. Сондай-ақ, Шиелі ауданында «Сейітжанов» шаруа қожалығында қуаттылығы 4,5 кВт күн сәулесімен істейтін станция іске қосылып, пайдалануға берілді.

Осыдан сәл бұрын облыстық инвестициялық кеңес отырысында болгариялық «ХидроЭнерджи Компани» компаниясының бас директоры Владимир Табутов Жаңақорған ауданында жүзеге асырылатын «Қуаттылығы 10 МВт күн-электр станциясын салу» инвестициялық жобасын таныстырды. Құны 9 млн доллар болатын жобаны 2019 жылдың аяғына дейін бітіру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек бүгінгі күні облыс аумағында жаңартылған энергия көздерін дамыту мақсатында күн электр стансалары бойынша тағы 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Шиелі ауданы, Сұлутөбе мен Бірқазан елді мекендерінің аралығында қуаттылығы 50 МВт, Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысы салынады.

Жобаларды жүзеге асыруға қажетті жер телімдері бөлініп, қаржыландыру көздері анықталды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау осы жылғы желтоқсан айына көзделіп, 2019 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Күн көзінен алынған энергияны ауыл шаруашылығы құрылымдары да кеңінен пайдалана бастады. Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегі бойынша, өткен жылы Сыр өңірінде 56 кәсіпкер өз қожалығына баламалы энергияны енгізсе, тек биылдың өзінде 132 шаруа қожалығы 154 күн панелін сатып алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: