Жаңалықтар тізбегі
0

Айдар Әріпханов: Елбасының Жолдауы - Қазақстанның тұрақты дамуына бастар бағыт

aikyn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2018 16:28 aikyn.kz
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бағыттардың әрқайсысында мемлекеттің орнықты дамуына және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға нақты пайда әкелетін экономикалық нәтиже бар екенін атап өткен жөн.

Холдингтің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы пікір білдірді деп жазады zakon.kz.

– Біріншіден, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы нақты қоғамдық бағытқа ие және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өту керек. Қазіргі кезде көптеген елдердің экономикасы, тұтастай алғанда, халықаралық нарық құлдырау кезеңін бастан өткеріп жатқан кезде, біздің Президентіміз: мемлекет одан әрі де тұрақты дамуға және халықты кең ауқымда қолдауға бағытталған жолды ұстанатын боламыз, деп басып айтты.

Екіншіден, біздің компаниямыз жүзеге асырған «Бизнестің жол картасы» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына Елбасының оң баға беруі бірқатар маңызды мемлекеттік бағдарламалардың операторы болып табылатын «Бәйтерек» холдингі үшін өте маңызды.

Енді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі бағдарлама да 2025 жылға дейін ұзартылды - бұл халық үшін өте үлкен көмек. Сонымен қатар бұл шағын және орта бизнесті, сондай-ақ тұрғын үй саласын дамытуға зор ынталандыру болып табылады.

Осылайша, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін жыл сайын 30 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл үш жылда тағы да 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға, 220 млрд. теңгеден астам салықтың түсуіне және 3 трлн. теңгеге өнім сатуға мүмкіндік береді.

Жолдаудың «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» атты үшінші міндетін іске асыруға келсек, Холдинг еншілес ұйымы - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, тұрғын үй сертификаттарын пайдалану арқылы тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігін әзірледі. Бұл тетік мемлекеттік органдармен консультация жасалғаннан кейін түзетілетін болады.

Тұтастай алғанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен әкімдіктер берген Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға қаражат алу құқығын куәландыратын жеке куәліктер жасау жоспарлануда. Тұрғын үй сертификатының құнын тұрғын үй құнының 10% есебі бойынша анықтау болжануда. Клиент бастапқы төлемнің қалған 10%-ын жинақтайды немесе «ҚТҚЖБ» АҚ-дағы өз шотына бір уақытта салады.

Үшіншіден, Жолдауда қазақстандық тауарларды халықаралық нарықтарға жылжытуға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, алдағы үш жылда өңдеуші өнеркәсіпті және шикізаттық емес экспортты қолдауға қосымша 500 млрд. теңге бөлу туралы тапсырма берілді. Бұл өндірушілерімізге өте үлкен көмек болмақ.

Біздің салымдарымызға келер болсақ, алдағы үш жылда холдинг 300 миллиард теңгеге экспорттаушыларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр, оның ішінде 95 миллиард теңге - Қазақстанның Даму Банкінің қаражаты, 125 миллиард теңге - алдын-ала бөлінген қаржыны қайтару есебінен және 80 миллиард теңге - ҚДБ саудалық қаржыландыруына арналған республикалық бюджеттің қаражатын тарту арқылы.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Даму Банкінің тетіктері арқылы ірі бизнесті кең ауқымды қолдау жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда ҚДБ 280 млрд. теңгеден астам сомаға өңдеуші өнеркәсіпте және өндірістік инфрақұрылымда 15 ірі инвестициялық жобаны қаржыландырды. Қолдау көрсетілген кәсіпорындардың жалпы экспорттық түсімі 370 млрд. теңгеден асты. Қазіргі уақытта ҚДБ 2019 жылға дейін 95,8 млрд. теңге сомасына пайплайн жобасын құрды.

Экспортты ұлғайту үшін холдинг босаған қаражаттың бір бөлігін экспортқа бағытталған жобаларды қолдауға қайта бағыттауды ұсынды. Атап айтқанда, бөлінген 100 миллиард теңгеден ірі кәсіпкерлік субъектісін қаржыландыруға 25 миллиард теңгені жіберу, бөлінген 200 миллиард теңгеден экспортқа шағын және орта бизнестің бағытталған жобаларын қолдау үшін 100 миллиард теңгені бағыттау ұсынылады. Холдингтің бағалауы бойынша, экспорттау алдындағы қаржыландыруға салынған 1 млрд. теңге 1,35 теңге экспорттық түсімді болжайды.

Қорыта келе, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бағыттардың әрқайсысында мемлекеттің орнықты дамуына және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға нақты пайда әкелетін экономикалық және әлеуметтік нәтиже бар екенін атап өткен жөн. Жалпы алғанда, холдинг мемлекеттік органдармен, отандық және шетелдік бизнес-серіктестермен үйлестірілген жұмысының арқасында, сондай-ақ ел азаматтарының белсенді қатысуымен барлық тапсырмаларды тиімді орындайтын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: