Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда бір ай ішінде 5 көлік тонаған ұры қолға түсті

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2018 18:46 Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері темір тұлпар иелерін осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

«Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласындағы автокөліктерді тонаумен айналысқан 25 жастағы азамат ұсталды»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған күдікті – облыс орталығына жақын орналасқан аудандардың бірінің тұрғыны. Ол Талдықорған қаласына келіп, көліктердің ішіндегі құнды дүниелерді жымқырып, қыстақтағы ауылына жасырынып жүрген. Дегенмен, қылмыстарды ашуға жұмылдырылған тәртіп сақшыларының қыралығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында күдікті қолға түсіп, оның бес ұрлық фактісіне қатысы бар екенін дәлелденді.

«Негізінен, күдікті көліктердің дөңгелектері мен аккумуляторларын, бейнетіркегіштерін ұрлаған. Оның 5 ұрлық фактісіне қатысы бар екені анықталды және ол дәлелденді. Барлық фактілер бойынша келтірілген материалдық шығындар өтелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс бүгін сотқа жіберілді»,- деп өз сөзінде атап өтті Талдықорған қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Азамат Көпбаев.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлері темір тұлпар иелерін осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: