Жаңалықтар тізбегі
0

Ескендір Сүлейменовтың өлімі: Айыпталушы 14 млн теңге өтемақы төлеуге дайын

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2018 23:44 www.inform.kz
Сот отырысынан кейін Ескендір Сүлейменовтің анасы ұлына қатысты соттан тек әділ үкім күтетінін мәлім еткен еді.

Астанада жол-көлік оқиғасынан көз жұмған Ескендір Сүлейменовтың ісіне қатысты сот процесінде айыпталушы Малика Мұхитова жәбірленуші тарап талап еткен 14,752 млн теңгені төлеуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот процесі барысында судья жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызына байланысты айыпталушыға сұрақ қойды.

«Иә, талап бойынша өтемақыны толығымен өтеуге дайынмын. Біз ол тараптан банк шотының нөмірін жолдауды өтінген едік. Алайда олар банк шотын әлі жіберген жоқ», - деді Малика Мұхитова.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусымында Астанадағы жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болған еді.

Ескендір тізгіндеген мотоцикл қиылысқа шыққан көлікке соғылды. Арада көп өтпей Астана қалалық Ішкі істер департаменті апатқа себепкер болуы мүмкін Hyundai автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық келіншекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, қалалық полиция департаменті Ескендір Сүлейменовтің мотоциклы соғылған жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті бастығының қызы екенін растаған.

Айта кетсек, 12 қазанда Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне қатысты сот процесі басталып, Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апаты бойынша сотталушы Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді.

Айта кетерлігі, өткен сот отырысында Ескендір Сүлейменовтің туыстары келтірілген залалды өтеуді (14 миллион теңге) талап еткен.

Дегенмен, сот отырысынан кейін Ескендір Сүлейменовтің анасы ұлына қатысты соттан тек әділ үкім күтетінін мәлім еткен еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: