Жаңалықтар тізбегі
0

Бозымбаев орынбасарының ұсталуы жайында: Вице-министрді министр тағайындамайды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2018 17:14 www.inform.kz
ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккен мәлім еткен болатын.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаның бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім. Білуімше, 2015 жылдары болған жайт. Ал ол бізге жұмысқа бір ай бұрын ғана келді», - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, министр орынбасарларын өзі тағайындамайтынын атап өтті.

«Министр вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол - тәжірибелі адам. Мән-жайды шешеді деп ойлаймын», - деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккен мәлім еткен болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: