Биыл Ақтөбеде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық артқан

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2018 23:22 aktobenews.kz
Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінен Ақтөбе қаласы он бірінші орынға тұрақтаған.

Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқықбұзушылық бөткен жылмен салыстырғанда биыл көп тіркелген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Заңды бұзғандардың ішінде жиі кездесетіні жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғылықты жерінен тыс болуы.

«Кәмелетке толмағандардың ішінде биыл әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 1836 жасөспірім жазаға тартылды. Өткен жылы дәл осы мерзімде 1747 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сағат 23.00-ден кейін көшеде жүру фактісі көп тіркеледі. Ол үшін олардың ата-анасына айыппұл салынады», — дейді Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Қайсар Байдалиев.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінен Ақтөбе қаласы он бірінші орынға тұрақтаған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: