ШҚО-да аяз 34 градусқа дейін жетті: мектептерде сабақ тоқтатылды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2018 17:15 sputniknews.kz
Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында температура 30 градустан төмендеді.

Қазақстанның шығысына күшті аяз келді, салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды деп жазады sputniknews.kz.

Білім басқармасының мәліметінше, ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыстың бірнеше ауданында оқушыларға сабақ болмайды.

Зырян ауданы (-34 градус) – 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
Риддер (-24) – бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
Аягөз ауданы (-31) – бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
Көкпекті ауданы (-27) – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді.
Үржар ауданы (-33) — 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: