Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз мектептерінде сағыз түріндегі есірткі таратылды деген ақпарат жалған

www.trk7.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2018 17:47 www.trk7.ru
Жамбыл облысы аумағында осындай заттармен улану, сондай-ақ олардың таралуы деректері бойынша азаматтардың шағымдары еш жерде тіркелмеген.

Жамбыл облысы Полиция департаментіне «WhatsApp» желісі арқылы Жамбыл облысы азаматтарынан білім беру жүйесі қызметкерлерінің атынан мектептерде белгісіз тұлғалар оқушыларға конфет және сағыз түрінде есірткі тарататыны туралы тексерілмеген ақпарат келіп түсті. Аталған аудио хабарлама, Жамбыл облысы ПД ЖПҚ басшылығымен зерделеніп, назарға алынды. Бұл туралы zakon.kz, Жамбыл Облысы Полиция Департаменті берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында аталған деректер расталмай, ақпарат жалған болып табылды. Аталмыш дерек 2015-2017 жылдары Ресей Федерациясының Ставрополь және Приморск өлкелерінде, Сахалин облысында, Татарстан мен Башқұртстан республикаларында, сондай-ақ 2018 жылдың қаңтар айында ҚР Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында таратылғаны анықталды. Ағымдағы жылы осындай жалған ақпарат тарату бағытындағы хабарламаларды Қазақстанның шектес облыстарынан және көрші мемлекеттерінен белгісіз тұлғалар жіберген.

Жамбыл облысы аумағында осындай заттармен улану, сондай-ақ олардың таралуы деректері бойынша азаматтардың шағымдары еш жерде тіркелмеген.

Хабарламада айтылған деректердің тұрғындар арасында қоғамдық дүрбелең тудыруы мүмкін екендігі ескеріле отырып, аталған ақпаратты жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігіне жеткізу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, тұрғындарды бұл ақпаратқа қатысты дүрлікпеуге шақырып, оны таратпау қажеттілігі туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес «көрінеу жалған ақпарат тарату» бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғатындығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, аталған хабарламаларды жариялаудың жағымсыз үрдістерін ескере отырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан есірткі құралдарын пайдалану деректерін болдырмау және жолын кесу мақсатында, ПД ЖПҚ басшылығы Тараз қ. ПБ және облыстық ҚАПБ-ге нұсқау жолданылып, қалалық, аудандық органдардың жедел мәжілістерінде қаралып, тиісті шаралар қабылдау ұйғарылды.

Сонымен қатар, ПД бастығының жетекшілік ететін орынбасары полиция подполковнигі С. Т. Жүнісбековтің нұсқауы бойынша 11.11.2018 жылы сағат 16.00-де қалалық білім беру бөлімімен бірлесіп, Тараз қаласындағы №12 орта мектепте мектеп басшыларының қатысуымен осы аудио хабарламаны тыңдата отырып, кеңес өткізілді.

Мектеп директорлары мен олардың профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған, сондай-ақ белгісіз тұлғалардан кондитерлік бұйымдар мен сағыз өнімдерін сатып алуға жол бермеуді түсіндіре отырып, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Сол күні сағат 18.00-де қаланың ювеналдық полициясының барлық жеке құрамы жиналып, онда ПД ЖПҚ бастығының орынбасары, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ және қалалық бөлім бастықтарының қатысуымен оқушылар арасында болып жатқан жағымсыз үдерістерге қатысты қырағылық таныту, мектеп аумағына бөгде адамдардың келуіне жол бермеу және білім беру мекемелері қызметкерлерімен бірге тиісті алдын алу шараларын қабылдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда, әрбір мектепте ювеналдық полиция қызметкерлерінің күшімен мектептердің педагогикалық ұжымдарымен және психологтарымен бірлесе отырып, интернет-браузерлердің тарихын, олардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін күдікті сайттарға баруына, жоғарыда аталған заттардың таралуына жол бермеу деректерін жүйелі түрде тексерумен балаларды тиісті бақылаудың сақталуы туралы ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттары өткізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың барлық аумағында жүзеге асырылатын болады.

Аталған деректерді, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе күмәнді өндірістік конфет және сағыз өнімдерін өткізу деректерінің уақтылы алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдай отырып, қатаң бақылауда болады.

Осыған байланысты, аталған хабарламаларды жариялаудың жағымсыз үрдістерін ескере отырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан есірткі құралдарын пайдалану деректерін болдырмау және жолын кесу мақсатында, ПД ЖПҚ басшылығы Тараз қ. ПБ және облыстық ҚАПБ-ге нұсқау жолданылып, қалалық, аудандық органдардың жедел мәжілістерінде қаралып, тиісті шаралар қабылдау ұйғарылды.

Сонымен қатар, ПД бастығының жетекшілік ететін орынбасары полиция подполковнигі С. Т. Жүнісбековтің нұсқауы бойынша 11.11.2018 жылы сағат 16.00-де қалалық білім беру бөлімімен бірлесіп, Тараз қаласындағы №12 орта мектепте мектеп басшыларының қатысуымен осы аудио хабарламаны тыңдата отырып, кеңес өткізілді.

Мектеп директорлары мен олардың профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған, сондай-ақ белгісіз тұлғалардан кондитерлік бұйымдар мен сағыз өнімдерін сатып алуға жол бермеуді түсіндіре отырып, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: