Аязда автобус тосқан Өскемендіктердің аяқ-қолы үсуде

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2018 19:51 altaynews.kz
Коммуналдық қызметкерлер бұл мәселені шешіп беруге уәде етті.

Өскемендегі Ахмер, Жаңа Ахмер аймақтарының тұрғындары аязды күні аялдамада тұрып үсіп қалатын болдық деп дабыл қағуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тұрғындардың сөзінше, №42, 55, 256 автобустар көп бөгеледі. Оларды жарты сағаттап тосуға тура келеді.

– Алты жарымда аялдамаға келіп, аяқ-қолымыз тоңып 40 минут тұрамыз. Кейбір автобустар сонда лық толы болғандықтан тоқтамай өте шығады да. Аязды күні автобустардың жартысы жұмысқа шықпайды. Ал мұнда кәрі кісілер, балалар дірдектеп тоңып тұрады. Күнде осы, – дейді Ахмер тұрғындарының бірі.

Инстаграм әлеуметтік желісінде белсенді жандар жиылып, ТҮКШ мекемесіне өтініш жолдаған. Олар автобустардың келу уақытын жеделдетуді немесе автобустар санын арттыруды сұрайды.

Коммуналдық қызметкерлер бұл мәселені шешіп беруге уәде етті.

– Шешудің барлық жолдарын қарастырып жатырмыз, міндетті түрде орындаймыз, – деді ТҮКШ жетекшісі Руфат Акрамов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: