Биыл дәрі-дәрмектен зардап шеккендерден шағым көп

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2018 16:29 altaynews.kz
Егер сіз де дәрілік препараттардың жанама әсерінен зардап шексеңіз орталықтың www.ndda.kz сайтына хабарласа аласыз.

Елімізде дәрі-дәрмектің жанама әсерінен зардап шеккендер артып отыр. Дәрі-дәрмекті сараптау ұлттық орталығына биыл ел тұрғындарынан екі мыңға жуық шағым келіп түскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Орталықтың мәліметіне сүйенсек, бұл өткен жылғы көрсеткіштен төрт пайызға жоғары. Халықтың көбі қанды ұйып қалудан сақтайтын немесе шамадан тыс сұйылып кетуіне қарсы қолданылатын, сондай-ақ ісікке қарсы дәрілердің жанама әсеріне қатысты шағымданған.

Егер сіз де дәрілік препараттардың жанама әсерінен зардап шексеңіз орталықтың www.ndda.kz сайтына хабарласа аласыз. Мамандар шағымдар нәтижесі бойынша жағымсыз әсері бар дәрілерге сараптама жүргізіп, оны Денсаулық министрлігінің Фармация комитетіне мұндай препараттарды қолданыстан алып тастау жөнінде ұсыныс жолдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: