СҚО-да әкесі қызымен бірге өртеніп кетті
sn.kz
Қайғылы оқиға күндіз болды.
Новоишимка ауылында әкесі мен қызы бірге өртеніп кетті деп жазады sn.kz.
Өрт Зерновая көшесіндегі 3 қабатты үйдің бір бөлмелі пәтерінде болған.
«Жалын пәтердегі төсек және ағаш еденін шарпыған. Оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 2013 жылғы қыздың мәйіті табылды. Өрт аумағы 4 шаршы метрді құрайды. Өрттің шығуына пәтерде өрт қауіпсіздігі ережесін дұрыс қолданбағаны себеп болған», – дейді азаматтық қорғаушы Денис Шуваев.
Қайғылы оқиға күндіз болды. Ер адам ұйықтап жатқан кезде электр жылытқыш пеші өртеніп кеткен. Анасының айтуынша, ол баланы балабақшаға апаратын болған екен. Бірақ белгісіз себептермен үйде қалып қойыпты. Құтқарушылар тобы пәтердің есігін бұзып кіргенде ер адам жерде жатқан, ал қызды жуынатын бөлмеден тауыпты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript