Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың анасы жауапқа тартылуы мүмкін

www.uralskweek.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2018 21:07 www.uralskweek.kz
Оқиғаға қатысты іс кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссияға жіберіледі.

Оралда жоғалып кетіп, табылған 3-сынып оқушысы Ескендірді ювеналды полиция қызметкерлері есепке алды. Ал кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссия оның анасын жауапқа тартуы мүмкін. Бұл туралы «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиғаға қатысты іс кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссияға жіберіледі. Баланың анасы жауапқа тартылатын-тартылмайтынын комиссия шешетін болды.

«Бүгін біз Ескендерді есепке алдық. Себебі бала үйден бірінші рет кетіп отырған жоқ. Ол 26 қыркүйекте де үйінен кетіп, қаланы кезіп жүрген. Бұл іспен комиссия айналысып, отбасыға психологтың көмегі қажет пе, жоқ па, шешетін болады», – дейді кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша аға инспектор, полиция майоры Мадина Құспанова.

Оның айтуынша, баланы қаладағы супермаркеттердің бірінен табылған.

«Баланы іздестіруге ювеналдық полицияның 15 қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар іздеуге шұғыл-тергеу тобының, қылмыстық полицияның қызметкерлері де қосылды.олар компьютерлік клубтарды, дүкендерді, супермаркеттер мен сауда орталықтарын аралады. Бала 6-ықшам ауданнан кешкі сағат 20:00 шамасында табылды. Ол осы уақыт бойы қаланы кезіп жүрген», – дейді Мадина Құспанова.

Еске сала кетсек, Оралда 9 жасар бала жоғалып кеткен еді. Ол кешкі сағат 20:00 шамасында табылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: