Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 16:14 Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі
Екі жыл ішінде аймақта 16 спорт ғимараты іске қосылды, оның 9-ы МЖӘ бойынша және 7-і облыстық бюджет есебінен салынды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жаңақорған ауданының Сүттіқұдық ауылдық округінде және Шиелі ауданының Гигант ауылында жаңа спорттық-сауықтыру кешендері салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Жаңақорған ауданында 150 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің ашылу рәсімі өтті.

Жаңа спорт кешенінде 13 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Мұнда еркін күрес пен әйелдер күресі, тоғызқұмалақ, бокс, гандболдан жаттығулар өткізіледі.

Осы күні Шиелі ауданы Гигант ауылдық округінде "Бастау" жастар сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

"Денi сау ұрпақ - ел болашағының кепiлi. Елбасымыздың дәстүрлi Жолдауларында бұқаралық спортқа, салауатты өмiр салтын қалыптастыруға басымдық берiлiп келедi. Бұл күн барша спорт сүйер қауым үшін, оның ішінде жастар үшін ең қуанышты күннің бірі деп есептеймін. Өйткені, ауданда алғаш рет жабық жүзу бассейні ашылуда", - деді аймақ басшысы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 16:14

Айта кетейік, екі жыл ішінде аймақта 16 спорт ғимараты іске қосылды, оның 9-ы МЖӘ бойынша және 7-і облыстық бюджет есебінен салынды.

Бүгінде Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында құны 34 млрд теңге болатын 75 жоба жүзеге асырылуда, олар - денсаулық сақтау, спорт, білім беру, цифрландыру және тұрғынүй коммуналдық кешенін жаңғырту саласындағы жобалар болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: