ЕАЭО-да астық өнімін болжау бойынша жаңа әдістеме жасалады

ашық дереккөздерден, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2018 23:57 ашық дереккөздерден
Әдістеме Қазақстанның ұсынысымен жасалатын болады.

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың ауылшаруашылық саясаты жөніндегі Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Қазақстан тарабының ұсынысымен Еуразиялық экономикалық комиссия ауыл-шаруашылығындағы өндіріс көлемін болжау үшін жаңа әдістеме жасауға кіріседі, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, тауар қозғалысын бақылайтын логистикалық цифрлық платформалар Бірыңғай ақпарат жүйесінің негізінде құрылмайтын болды. Еліміздің ауылшаруашылық министрлігі бұл мақсатта ұлттық ақпарат-логистикалық жүйелерінің бірлесіп жұмыс істеуін ұсынған.

Сонымен қатар, министрлік өкілдері Еуроодақтан импортталатын гербицидтерге баж салығын енгізуге қарсы шықты.

"Президентіміздің бастамасымен Еуразиялық экономикалық одақ құрылғанда экономикалық прагматизм әдістемесі қабылданған болатын. Яғни елдеріміз үшін Одақта, оның ішінде ауыл шаруашылық саласында жұмыс істеу тиімді болуы тиіс", - деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: