Жаңалықтар тізбегі
0

Академик Карл Байпақов қайтыс болды

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2018 17:04 Facebook
Ғалым 1940 жылы Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.

Ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі Карл Байпақов қайтыс болды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біртуар ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі, ҚР ғылымы мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың өмірден өткенін қайғыра хабарлаймын. Оның бүкіл өмірі - халыққа қалай қызмет етудің жарқын үлгісі. Карл Молдахметұлы - тарих, Отанымыздың мәдениеті мен археологиясы туралы танымымызды байытқан кісі. Жуырда ғана біз археологиялық орталықтарды зерттеу бойынша ірі жоспарларды бірге талқылаған едік. Карекеңнің ісін жалғастыру керек деп есептеймін", - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында.

Министр тарихшының өмірден өткенін ауыр қабылдағанын, ел үшін орны толмас қаза болғанын жаза отырып, ғалымның туған-туыстарына көңіл айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: