Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне келген сарбаздар ант қабылдады

Евгений Пивень, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23 Евгений Пивень
Жас сарбаздардың арасында 4 спорт шебері, 19 спорт шеберлігіне үміткер бар және көбісінің спортшы-разрядник екенін айта кеткен жөн.

Қазақстанда осы жылғы қыркүйек айында басталған әскерге шақыру науқаны кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - ҚР МКҚ) мерзімді әскери қызметке «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктеріне 295 адамды іріктеп алды. Олар Әскери ант қабылдады деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР МКҚ мерзімді әскери қызметке азаматтарды дайындау және шақыру - үзіліссіз процесс. Әскерге шақыру учаскесіне тіркелген сәтінен бастап армияға шақырылғанға дейін жергілікті атқарушы органдар ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерімен бірлесіп мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын адамдарды жүйелі түрде іріктеуді және зерттеп-зерделеуді жүргізеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Атап айтқанда барлығы: оқу және жұмыс орындарынан мінездеме, әскерге шақырылушының араласқан ортасы, қызығушылығы мен бейімділігі, бойы, ол 180 см кем болмауы тиіс, физикалық және медициналық деректері, сондай-ақ психологиялық портреті зерттеп-зерделенеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Әскерге шақырылушының зияткерлік қабілеттілігіне, олардың адалдығы мен Отанға деген берілгендігіне, қысылтаяң жағдайдағы батылдығы мен дұрыс шешім қабылдай алу шеберлігіне, тәртіптілігі мен қырағылығына да үлкен назар аударылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Спорттық және өзге де жетістіктері назардан тыс қалмайды.Осындай қатаң талаптар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі орындайтын міндеттердің маңыздылығымен байланысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

2018 жылғы күзгі әскерге шақыру нәтижесі бойынша Қызметтің қатарына шақырылған жас толымдаулардың сапалық мінездемесі жоғары деңгейде екені көрініп тұр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Екі жүзден артық әскери қызметшілердің 17 пайызының жоғарғы білімі бар. 67 пайызы орта-арнайы білімі туралы дипломмен келді. Жас сарбаздардың арасында 4 спорт шебері, 19 спорт шеберлігіне үміткер бар және көбісінің спортшы-разрядник екенін айта кеткен жөн.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің физикалық дамуы және салауатты өмір салтын насихаттау үшін барлық жағдай жасалған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Бөлімдердің спорттық базасы спортпен шұғылдануға бөлімшенің барлық жеке құрамын қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атлетикалық гимнастика, қоян-қолтық ұрыс залдары, стадиондар жұмыс істейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Бөлімшелерде спорттық бұрыштар құрылған, волейбол, футбол, шаңғы спорты бойынша спорттық секциялар және т.б. жұмыс істейді. Әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесі жоғары деңгейде тұр: күн сайын мәзірде үш реттік теңгерілген тағам, оған негізгі азық-түлікпен қатар: бал, табиғи шырын, жеміс-жидек (алма, банан, апельсин) қосылған, бұлар басқа әскери құралымдарда берілмейді. ҚР МКҚ әскери қызметшісінің азық-түлік паегінің құны 1357 теңгені құрайды. Тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті азаматтық ұйым көрсетеді. Әрбір әскери қызметшінің киім-кешегіне (формасына) жыл сайын 150433 теңге.Құрмет қарауыл ротасына қызмет атқаруға түскендерге форма мен аяқ киім жеке тігіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Әскери ант қабылдаған сарбаздар Астана қ. мен Алматы қ. әскери бөлімдер бойынша жөнелтіледі және сол жерде олар өздерінің міндеттерін атқаруға кіріседі, атап айтсақ: әскери даярлық, жауынгерлік және саптық машық-дағдыларын үйренуді, мемлекеттік эталондарды күзетуді, мемлекеттік-протоколдық іс-шараларға қатысуды, маңызды объектілерді күзету бойынша жауынгерлік қызметке түсуді бастайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Әскери антты салтанатты қабылдауға: Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздың ата-аналары мен жақын туыстары шақырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Келген қонақтарға сарбаздар өте қысқа мерзімде алған машық-дағдыларын: қарумен саптық амалдардың элементтерін, жауынгерлік машинаға отыруды және одан түсуді, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті, сондай-ақ салтанатты саппен өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Көрермендерге Президенттік үрлемелі аспаптар оркестрі мен құрмет қарауыл ротасының өнерін көру мүмкіндігі берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 18:23

Жаңа толымдауларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары- Объектілерді қорғау қызметінің бастығы генерал-лейтенант Мұхтар Ақатұлы Аюбаев құттықтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: