Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

skymag.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2018 23:52 skymag.kz
Жаңа жыл мерекесі алдындағы жұмыс аптасына сенбі, 29 желтоқсан қосылады.

Биыл демалыс сенбі, 29 желтоқсаннан дүйсенбі – 31 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстанда 30 және 31 желтоқсан, сондай-ақ 1 және 2 қаңтар (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі) демалыс болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа, 2019 жылдың алғашқы жұмыс аптасы қысқа болады, ал екінші аптасында православтардың Рождество мерекесі тойланады: 7 қаңтарда қазақстандықтарға демалыс беріледі.

Қазақстанда желтоқсан айында мереке көп – 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді (ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні 3 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылды). Қазақстанның Тәуелсіздігі күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады (биыл 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні – 18 желтоқсан).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: