Жаңалықтар тізбегі
0

Банктік емес айырбастау пунктерінің қызметін реттеудегі өзгерістер

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2018 17:36 inform.kz
Осы қаулы 2018 жылғы 30 қарашада қолданысқа енгізіледі.

2018 жылғы 2 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 183 қаулысы енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған қаулы Ұлттық Банк шығарған шағын алтын құймаларды банктік емес айырбастау пунктерінің халыққа сату рәсімдерін көздейді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ бұл қаулы банктік емес айырбастау пункттеріне қосымша құқық беру арқылы олардың қызмет аясын кеңейткен "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2018 жылғы шілдедегі енгізілген түзетулерді іске асыру үшін қабылданды.

Егер бұрын уәкілетті ұйымдар қызметінің ерекше түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлға ретінде айқындалған болса, енді түзетулер енгізілгеннен кейін оларға тағы да бір операция түрі – Ұлттық Банк шығарған шағын алтын құймаларды сату және сатып алуды жүзеге асыру құқығы беріледі.

Тазартылған құйма алтынды халыққа сату бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы, бірінші кезеңде – екінші деңгейдегі банктер арқылы, екінші кезеңде – уәкілетті ұйымдар арқылы іске қосқанын атап өткен жөн.

Банктік емес айырбастау пунктерінің қызмет аясын кеңейту тазартылған құйма алтынды сату географиясына жағымды ықпал етіп, Ұлттық Банктің алтын құймаларын ең шалғай өңірлерде сатып алуға мүмкіндік береді.

Шағын алтын құймалардағы қорғаныш элементтері көрсетілген буклеттерді қоса алғанда, алтын құймалар туралы ақпаратты Ұлттық Банктің интернет-ресурсында мына сілтемесі бойынша алуға болады.

Жоғарыда аталған қаулы 2018 жылғы 30 қарашада қолданысқа енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: