Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар университетінде «Ұлы дала тарихы» пәні енгізілді

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2018 15:22 www.zakon.kz
Қазіргі күнде аталған пән бойынша арнайы оқу құралы дайындалып жатыр.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу үдерісіне «Ұлы дала тарихы» пәні енгізілді. Бұл туралы zakon.kz тілшісіне оқу орнының Баспасөз орталығының басшысы Жандар Асан хабарлады.

Таңдау пәнінің мақсаты – Қазақстанның ежелгі дәуірден XX ғасырдың басына дейінгі кезең тарихын студенттерге жүйелі түрде оқыту, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Ұлы дала тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми тұжырымдарды зерделеу. Сондай-ақ, төл тарихымыздағы Мәңгілік ел идеясының тарихи бастаулары мен оның түрлі тарихи кезеңдеріндегі ерекшеліктері мен құндылықтары негізінде мемлекеттік идеологияны жүзеге асыру қарастырылған.

Ж. Асанның айтуынша, аталған пән Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық тұжырымдарына негізделген. Курстың хронологиялық шеңбері еліміздің ежелгі дәуірден XX ғасыр басына дейінгі қалыптасқан тарихи кезеңдерімен анықталған.

– «Ұлы дала» ұғымын eліміздeгі бaрлық халықтар қacтeрлeйтін жeтeкші идeя рeтіндe түсіндіріп оның ғылыми нeгіздeмecін жacaп арнайы оқыту уақыт талабынан туындап отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұғымдарды орынды көтерді. Елбасы белгілеген міндеттердің үдecінeн шығу үшін біздер, педагогтар не істеуіміз керек? Ол үшін білімді, caуaтты, ұлттық caлт-дәcтүрі мeн тaрихын, мәдeниeті мeн әдeбиeтін, тілі мeн дінін тeрeң ұғынғaн мамандарды дaярлaп, cолaр aрқылы бaршa Қaзaқcтaн хaлқының дaму пeрcпeктивacын қaлыптacтыруымыз қaжeт. Дәл оcы көзқaрac тұрғыcынaн қaрaғaндa eліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарды заманға сай оқытып қана қоймай, олардың ұлттық caнa-ceзімін қaлыптacтыратын арнайы пән ашу мәceлecі туындaп отыр. Қоғамдық ойдың қозғаушы күшіне, ұлт идеологиясының негізіне айналуы тиіс «Ұлы даланың тарихы» пәні оқу үрдісіне осы мақсатта енгізілді, – деп атап өтті Жандар Асан.

Пән 15 тақырыптан тұрады. Тақырыптарда Ұлы дала тарихы пәні және оның рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастырудағы орны, Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері, Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты, қазақ халқының этногенезі мен ұлттық коды туралы тың деректер қамтылған. Сонымен қатар, Ұлы даладағы тәуелсіздік үшін күрес және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеялары, әскери өнердің қалыптасуы мен даму эволюциясы және Ұлы даланың ұлы тұлғалары жайындағы іргелі зерттеу еңбектер де топтастырылған.

– Пәнді оқыту барысында ұлттың өзіндік ерекшелігі мен бай рухани тарихын айғақтайтын оқиғаларға жете назар аударылады. Бабадан балаға мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны сақтай отырып, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау сияқты асыл қасиеттер осы пән шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл бастама – болашақ мамандардың білім деңгейін көтерумен қатар, мемлекеттілікті нығайту, жаңа қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтар негізінде тарихи сананы қалыптастыру сынды өміршең идеяларды жүзеге асыруға септеспек, – дейді университеттің ресми өкілі.

Қазіргі күнде аталған пән бойынша арнайы оқу құралы дайындалып жатыр. Оған белгілі ғалымдар мен сала мамандары жұмылдырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: