Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде кәсіпкерлерді тексеру 2 есеге қысқарды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2018 16:18 www.inform.kz
«Көлеңкелі» экономиканың қысқаруына және кәсіпкерлердің арасындағы таза бәсекені ынталандыруға «Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!» акциясының ықпалы тиген.

«Көлеңкелі» экономикамен күресу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ереже бұзу қаупі жоғары аймақтарға баса назар аудару және салық міндеттемелерін ерікті орындау принциптерін кеңейтудің нәтижесінде камералық бақылау бойынша өндірудің үлес салмағын 88% арттыруға қол жеткізілді. 2018 жылдың 10 айында 162,1 млрд теңге өндіріліп, қаржы мемлекеттік бюджетіне түсті. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, тексерістер саны 34 636-дан 16 232-ге дейін немесе 53% қысқартылды», - делінген хабарламада.

«Көлеңкелі» экономиканың қысқаруына және кәсіпкерлердің арасындағы таза бәсекені ынталандыруға «Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!» акциясының ықпалы тиген. Акция азаматтардың қоғамдық бақылауға қатысуына жылы мүмкіндік береді. 2017 жылы 336-дан астам сыйлық ұтысқа тігілді, ал бас жүлдеге автомобиль қойылды.

Акцияға 2,5 миллионнан астам фискалдық чек алғандар қатысты. Бұдан тыс, комитет салық заңнамасын бұзуды қылмыс деп танымау және бизнеске әкімшілік қысымын азайту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң аясында алғаш рет заң бұзғандарды келтірілген залалды төлете отырып, қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өзгерістер енгізілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: