Есірткі жұтып, шекарадан өтпек болған өзбекстандық ұсталды
gorodvo.ru
Амалы таусылған өзбекстандық ақырында марихуана есірткісі оралған түйіншекті тексерудің алдында жұтып алғандығын мойындады.
Өзбекстан мен Қазақстанның шекарасындағы «Қапланбек-авто» өткізу бөлімшесінде есірткі алып өтпек болған азамат ұсталды. Бұл туралы baq.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.
«Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек-авто» өткізу бөлімшесінде шекарашылардың есірткі заттарын іздеуге арнайы үйретілген қызметтік иті өз еліне қайтып бара жатқан 48 жастағы өзбекстандықтың жанынан, тексеру барысында оның қол жүгі мен қалталарында есірткі заттары табылмаса да, айналсоқтап шықпай қойды.
Амалы таусылған өзбекстандық ақырында марихуана есірткісі оралған түйіншекті тексерудің алдында жұтып алғандығын мойындады. Кейінірек оның сөзінің шын екені дәлелденіп, айғақ ретіндегі, салмағы 13,5 граммға жуық есірткі затымен бірге Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript