Жаңалықтар тізбегі
0

9-сынып оқушысы аяғының ауыр екенін жүктілігінің 8-айында бір-ақ білген

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2018 18:49 stan.kz
Нағима босаға аттамаған, некесі қиылмаған. Былтыр, нәбәрі 15 жасында ана атанған.

Нағима есімді бойжеткен сезімге алданып, жүкті болып қалған. Ол былтыр 15 жасында ана атанып, тұңғышын босанды. Алайда сәбиінің әкесі оның жүктілігін білгеннен кейін хабарсыз кетіпті. Жүкті болып қалған 9-сынып оқушысы аяғының ауыр екенін 8-айда бір-ақ білген

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды деп жазды stan.kz.

Нағима босаға аттамаған, некесі қиылмаған. Былтыр, нәбәрі 15 жасында ана атанған. Баласының әкесі өзінен 5 жас үлкен екен. Онымен 6-шы сыныпта оқып жүргенінде танысыпты. Үш жылдай кездесіп, сезімге мас болып жүргенінде жүкті болып қалады. Ал, аяғының ауыр екенін естіген сүйіктісі, жауапкершіліктен жалтарып, ізім-ғайым жоғалған.

«Мен ішімді қыстым. Өзімнің аяғым ауыр екенін тек 8-айында ғана білдім. Аяғым ауыр болған кезде мен 9-сыныпты бітірдім. Анама айта алмадым, батылым бармады. Мен саған көметесемін, баланы екеуміз бағамыз деді. Сеніп қалдым. Махаббат болды бізде. Қатты сендім», – дейді қала тұрғыны Нағима.

Еліміздегі жастардың үштен бірі жыныстық қатынасты 15 пен 19 жасында бастайды екен. Ал мұның салдары көптеген келеңсіздіктерге әкелуде. Мәселен, венерологиялық аурулар жұқтырған қыздар көбейіп барады. Бұл көрсеткіш әсіресе, 15 пен 17 жастағылар арасында өршіп тұр. Нәтижесінде ерте жүктілік те белең алуда. Ал мамандар мұның бәрі – отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі мен мектепте ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияндығын түсіндіретін адамның жоқтығынан болуда дейді.

Сандар жаға ұстатады! Тек былтырдың өзінде түсік жасатқан оқушылардың саны 3 жарым мыңға жеткен. Мәселен, мамандар жүргізген зерттеу барысында 15 пен19-дың аралығындағы бойжеткендердің 16,7 пайызы бұған дейін жүкті болғанын растаған. Ал 22 қыз бала жасанды түсік, сауалнамаға қатысқан төрт жарым мыңға жуық қыздың 2 пайызы үйде абортқа барғанын айтыпты. Атап өтерлігі, қаладан гөрі ауыл жастары жалған махаббатқа мастанып, жиі шалыс басады екен.

«Бүгінгі таңда ауылдың жастарымен проблема көп. Ерте жүктіклік ауылдың жастары көш бастап отыр. Себебі, жыныстық тәлім-тәрбиеден жұрдай, одан бөлек жүктілікті алдын алатын контрацептивтік тауарлар оларға қолжетімсіз» – дейді БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы үйлестірушісі Ғазиза Молдағұлова.

«Қазіргі уақыттағы өмір салты кінәлі. Балаға ол тақырып қозғаған ерте. Ерте-ерте деп қалай есейіп, осы жағдайға қалай тап болғанымызды білмей қаламыз. Табиғи нышандары басталған шақта бастауыңыз қажет. Ол 11-12 жас. Ол жас баламен ашық сөйлесетін тақырыптар. Оны ең жақын адамы қозғау керек. Жыныстық қарым-қатынас жағындағы тәрбиені өзінің жанындағы ең жақын адамы, қыздың анасы қозғау керек» – дейді психолог Ғалияш Махашева.

Аборт, ерте жүктілік былай тұрсын венерологиялық аурулар жұқтырған оқушы қыздар да көбейіп барады. Бұл көрсеткіш әсіресе, 15 пен 17 жастағылар арасында өршіп тұр. Мәселен, мектеп оқушыларынан сифилис, гонорея мен трихоминиаз табылған.

«Мәселен өткен жылғы статистикаға сүйенсек аталмыш топтағы жастардың арасында 700-ге жуығында жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекция анықталған. Оның 17 пайызы сифилис, 40 пайызы гонорей. Бұл кәдімгідіей үлкен проблема, сондықтанда тездетіп мәселені қолға алып, мектептерде ашық сабақтар өткізу қажет» – дейді Республикалыө ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин.

Таңқалатын жәйт, мұндай жағдай дамыған Еуропа елдерінде некен-саяқ қана кездеседі екен. Ал мамандар мұның бәрі – отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі мен мектепте ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияндығын түсіндіретін адамның жоқтығынан болуда дейді. Жағдай осылай жалғаса берсе, келешекте бұдан да сорақы жағдайлар тіркелуі мүмкін екенін айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: